«Саяси сауаттылық демократияның қозғаушы күші» тақырыбындағы «Саясаттану» оқу құралының таныстырылымы

6 желтоқсан, 2022

Шараға Философия және саясаттану факультеті деканы, профессор Бекжан Берікбайұлы Мейірбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Алтаев Жақыпбек Алтайұлы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы, доцент Булуктаев Юрий Очирович, «Үш қоңыр» газетінің Бас редакторы, журналист, баспагер Болат Батыр, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шамек Баянұлы, «Саясаттану» оқу құралының авторларының бірі, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Іңкәрбаев Есенай Тұрғанбайұлы қатысты. 

 

«Дарын» баспасының Бас директоры Бекетан Жанат Саятқызы 23-25 қараша айы аралығында  «Ұлы Жібек жолымен» атты Халықаралық кітап көрмесінде иеленген «Үздік оқу құралы» жеңімпазы дипломын авторларға тапсырды.  

Кездесу соңында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының 2-курс студенттері Ертілес Маржана мен Білімбекұлы Асылжан ұстаздарына ізгі тілектерін білдірді.