«Маркетинг» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында VI Халықаралық сырттай студенттік олимпиада

9 желтоқсан, 2022

1-7 желтоқсан 2022 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,ЭжБЖМ «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Маркетинг»мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиада өткізді. 

«Маркетинг» мамандығы бойынша VI Халықаралық сырттай студенттік олимпиада екі кезеңде өткізілді. VIХалықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылар өтінімдерін толтырып, ұйымдастырушыларға жіберді. Мамандық бойынша жобалар мен эсселер ұйымдастырушыларға электронды пошта арқылы жіберілді: olimpiada_kaznu2022@mail.ru 01.12.2022 жылға дейін.

«Маркетинг» мамандығы бойынша VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысу үшін Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның 10жоғары оқу орнынан 12 өтінім берілді. 

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған командалар іріктелді.

VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиаданың ұйымдастырушылары жеңімпаздарды құттықтайды!

 

«Маркетинг» мамандығы бойынша VIХалықаралық студенттік сырттай олимпиаданың нәтижелері

 

I дәрежелі диплом

«We create» командасы, «Нархоз» Университеті (www.narxoz.edu.kz)

II дәрежелі диплом

«Big 4» командасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

II дәрежелі диплом

«Lucky 7» командасы, Алматы Менеджмент Университеті (https://almau.edu.kz)

III дәрежелі диплом

«Dream team Karuk» командасы, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (www.keu.kz)

III дәрежелі диплом

«Маркетологи РУДН» командасы, Ресей халықтар достығы университеті

III дәрежелі диплом

«Тарыхты сакта» командасы, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті