Қызметтік келіссөз

10 желтоқсан, 2022

Іс-шараға факультет тарапынан педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С. Әлқожаева, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.Б. Альчимбаева және екі кафедраның бірқатар практика жетекшілері қатысты.

Келіссөз барысында генерал-майор С.Ж. Бурамбаев әскери білім және ғылым, әскери-патриоттық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстар жөнінен шағын түсініктеме беріп, қазіргі кезде жас сарбаздарға психологиялық тұрғыда қолдау қажеттігін негіздеді. Әскери білім мен ғылымды нығайту мақсатында біріккен іс-шаралар өткізуге ұсыныс тастады. Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С. Әлқожаева Серік Жақсығалиевтің ұсыныстарына қолдау пікірін білдіріп, практика базасы ретінде жұмысты жетілдіру мүмкіндіктерін, жолдарын атап өтті. Сонымен қатар, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева кафедра мамандарының ғылыми жобалар шеңберінде Құрлық Әскери институтымен серіктестік қызмет атқарып келе жатқанын негізге ала отырып, осы бағытта жұмыс жасауды ұсынды.

Факультет деканы Б.Б. Мейрбаев қорытынды сөзінде екіара ынтымақтастықтың академиялық және ғылыми зерттеу қызметін қолдау, өзара қызығушылық тудыратын бірлескен ғылыми жобалар, өндірістік практика мәселелері бойынша перспективті жоспарларды қарастыруды ұйғарды.