Факультеттің жас ғалымдары үшін жаңа мүмкіндіктер...

28 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ҚР ҒЖБМ қысқа мерзімді шетел ғалымдарын шақыру бағдарламасы бойынша келген PhD докторы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Экономика Жоғары Мектебінің Ұлттық Зерттеу университетінің коммуникация мектебінің доценті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) Татьяна Дмитриевна Соколованың ғылыми семинары өтті.

Татьяна Дмитриевна Соколова Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) бакалавриаты мен магистратурасын үздік бітірген. Сонымен қатар, Франция, Ирландия, Сингапурдың белді университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014 жылдан бастап – Дүниежүзілік саяси ғылымдар қауымдастығының (IPSA), халықаралық коммуникациялар қауымдастығының (ICA) конференциялары мен жобаларының мүшесі және тұрақты қатысушысы. 2018 жылы РҒА әлеуметтану институтында саяси ғылымдар саласында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Т.Д. Соколованың ғылыми қызығушылықтары – саяси процестер мен технологиялар, саясаттану теориялары, стратегиялық коммуникациялар, тұрақты дамудың драйверлері мен кедергілері, халықаралық қатынастар саласының зерттеудің сандық және сапалық әдістері болып табылады. Сонымен қатар, Соколова Т.Д. әлемнің жетекші ғылыми журналдарында (АҚШ, Франция, Бельгия, Ұлыбритания) 30-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы, Scopus ДБ – да 1 басылымы (h-индексі – 1) және Web of Science ДБ-де 8 басылымы (h-индексі-1) бар.

Ғылыми семинарлар мен тренингтер барысында Соколова Т.Д. "Халықаралық қатынастар", "Аймақтану", "Әлемдік экономика" білім беру бағдарламаларының магистранттары мен докторанттарымен өзінің ғылыми және кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Соколова Т.Д. білім алушылармен жұмыс барысында олардың ғылыми зерттеу жұмыстарының кемшіліктері мен артықшылықтарын талдай отырып, Scopus және Web of Science деректер базаларымен ғылыми журналдарға жарияланымдарды дайындаудың практикалық мысалдарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, болашақта бірлескен басылымдардың перспективалық тақырыптары талқыланды.