Этнологияның өзекті мәселелері: тарих және қазіргі заман
2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында Тарих факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанда алғаш рет «Этнологияның өзекті мәселелері: тарих және қазіргі заман», «Актуальные проблемы этнологии: история и современность», «Actual problems of ethnology: history and modernity» атты этнологтардың қысқы мектебі өтті. Қысқы мектепте тыңдаушыларға Қазақстандық және Франция, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Қырғызстанның белгілі этнологтары дәрістер оқыды.
Қысқы мектепте:
- Санкт-Петербург Кунсткамера жинағындағы қазақтың дәстүрлі мәдениеті. Қазіргі мәдениетті зерттеудегі мұражай қорларының рөлі;
- Материалдық емес мәдени мұраны мұражайландыру: зерттеулер, тәжірибелер, презентациялар;
- Этноконфликтология. Қақтығыс типологиясы: сипаттау мен бағалаудың заманауи әдістері;
- Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі бедел белгілері;
- Аймақтық және музейлік этнография;
- Жастардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі, инновациялық дискурс - Қазақстанда мәдени зиялы қауымды қалыптастырудың құрамдас бөлігі,
- «Этнологияны» оқытуда цифрлық технологияларды қолдану;
- Посткеңестік кезеңдегі Әзірбайжандағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің антропологиясы;
- Тәуелсіз Қазақстанның этнодемографиялық үдерістері;
- Қазақ қоғамының тарихын зерттеу үшін 2 француз ғалымдарының (әлеуметтанушы П. Бурдье және саяси антрополог М. Абелес) жұмысының өзектілігі атты тақырыптардағы мәселелер қарастырылды.
Дәріс тыңдауға Қазақтанның түкпір-түкпірінен этнолог мамандар, республикалық, облыстық, аудандық музейлерден музейтанушылар, жоғары оқу орнының оқытушылары, магистарнттар, докторанттар қатысты.