Факультет студенттері Шампань-Арденнадағы Реймс университетіне барады

16 қаңтар, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Францияның Шампань Арденнадағы Реймс университеттері арасындағы қол қойылған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумның және Эразмус бағдарламасы бөлген 4 орындық білім гранты бойынша халықаралық қатынастар факультетінің студенттері 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестр бойында Шампань Арденнадағы Реймс университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Білім грант иегерлері тізімі:

- Амангелді Бақберген Дәуренұлы – 3 курс, мамандығы – «6B03104 – Халықаралық қатынастар»;

- Есимгалиева Сымбат Салимжанкызы – 3 курс, мамандығы – «6B03104 – Халықаралық қатынастар»;

- Рахманбердиева Диана Хасиловна – 3 курс, мамандығы – «6B03104 – Халықаралық қатынастар»;

- Турарбекова Даяна Бахытжановна – 3 курс, мамандығы – «6B03104 – Халықаралық қатынастар»;

Факультетіміз студенттерін құттықтаймыз және Шампань Арденнадағы Реймс университетіндегі білім алу кезеңіне тек сәттілік тілейміз!!!