Францияның Қазақстандағы Елшілігінің ынтымақтастық және білім жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллек факультетке келді

13 желтоқсан, 2022

13 желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультетінде Француз Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ынтымақтастық және білім жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллек мырза іс-сапармен келді. Ксавье Ле Торривеллек мырза академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Францияның Бордо саяси зерттеулер институтынан 1 семестрге келген 12 магистранттардың бағдарламаны аяқтаудағы қорытынды нәтижелерімен танысып, екі жоғары оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастық бағдарламаларының одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын айтып өтті.

Іс-шара соңында Ксавье Ле Торривеллек мырза Францияның Реймс университетінің Erasmus + академиялық ұтқырлық білім грантын жеңіп алған факультет студенттерімен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.