British Council өкілдерімен кездесу өтті

13 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 19 желтоқсанда Халықаралық қатынастар факультетінде British Council ұйымының Орталық Азия бойынша емтихан бизнесінің жетекшісі Жанар Рахимжанова мен Емтихан бизнесін дамыту координаторы Луиза Ахмеджанова ресми іс-сапармен келді.

Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан халықаралық қатынастар факультеті басшылығы, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру Департаменті өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар ҚазҰУ білім алушыларының IELTS емтиханын тапсыру мүкіндіктерін жеңілдететін екі ұйым арасындағы келісім-шартты жасау мәселесі бойынша ой бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен British Council арасындағы өзара серіктестік туралы келісім-шартты жасау жұмысы 2023 жылдың қаңтар айында аяқтауға қатысты мәмілеге келді.