Гавр университітімен (Франция) әріптестік одан әрі дамиды

25 қаңтар, 2023

2023 жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында Францияның Гавр университетінің мәдени, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Жан-Ноэль Касторио (Jean-Noël Castorio) мен Іргелі құқықтар, халықаралық алмасулар және теңіз құқықтарын зерттеу лабораториясының (LexFeim) директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Еуропалық құқық» ғылыми орталығының тең құрылтайшысы, с.ғ.д., профессор Пьер Шабаль (Pierre Chabal) халықаралық қатынастар факультетіне іс-сапармен келді.
Факультет басшылығымен кездесуде француздық делегаттар жақын перспективада бірлесіп ақыл-ой орталығын құру, студенттер және профессорлық-оқытушылық құрамға қатысты академиялық ұтқырлық бағдарламасын жетілдіру, бірлескен оқу бағдарламарын құрастыру (қос дипломдық бағдарлама т.б.) мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында жоғарыда қарастырылған мәселелер бойынша екі тарап ұдайы жұмыс жасайтын үйлестірушілерді бекітті.