"Мемлекеттік тілдің ең үздік білгірі" атты жалпы университеттік олимпиада

5 ақпан, 2012

2011 жылдың 21 қыркүйегінде «Филология, әдебиеттану және әлем тілдері» факультетінде мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен 2011-2012 оқу жылында орыс бөлімдерінде оқитын студенттер арасында «Мемлекеттік тілдің ең үздік білгірі» атты жалпы университеттік олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты – орыс бөлімдерінде оқитын студенттердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру, студенттердің мемлекеттік тілдегі ғылыми шығармашылығын дамыту.

Айтулы іс-шараны мемлекеттік тіл кафедрасының ұжымы ұйымдастырды. Олимпиадаға университеттің барлық факультеттеріндегі орыс бөлімдерінде оқитын, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген 25 студент қатысты. Жалғастырушы топтан 16 студент, орта топтан 9 студент.

I-кезеңде студенттер алты тақырып бойынша эссе жазды. Әр оқытушы өз тобындағы үздік эссе авторларын екінші кезеңге ұсынды. Өте жақсы жазылған эссе ІІ кезеңде оқылды.

II-кезеңде орта және жалғастырушы топтың студенттері 3 аталым бойынша бақ сынасты.

Сайыс соңында қазылар алқасының ұйғарымы бойынша келесі студенттер жүлдегер атанды:

1 – орын: Вескина Екатерина (журналистика факультеті), Нұрмағанбетова Алуа (химия факультеті)

2 – орын: Кириченко Евгений (экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті), Айтов Ерзада (заң факультеті), Қалмаш Ғазиза (экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті)

3 – орын: Сидикметов Одилжан (механика-математика факультеті),

Тоқтасынова Сымбат (механика-математика факультеті),

Павлова Оля (география факультеті), Адамбекова Асем (география факультеті)

2011 жылдың 28 қыркүйегінде жарық көрген «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысыӘ. Алимжанованың «Өзге ұлттар өнеге көрсете бастады» атты хабарламасы жарияланды. Олимпиада туралы толығырақ келесі сайттардан оқуға болады: www.didar-com.kz, www.gazag.kz