Студенттік телекөпір: «Салауатты өмір салты мен салауаттылық»

23 ақпан, 2023

2023 жылдың 24 ақпанында республикалық маңызы бар тәрбие жұмысы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушы Халенова Айнагулдің жетекшілігімен Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері, Алихан Бокейхан атындағы Семей ​​университетінің 1 курс студенттерімен бірге және Экономика саласының Ph ДокторыНургалиева Зауреш Хидоллақызымен «Салауатты өмір салты мен салауаттылық» тақырыбында студенттік телекөпір өткізді. Іс шара барысында салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру турақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығы талқыланды.Сонымен қатар студенттің салауатты өмір салты оның құндылық бағдарына, дүниетанымына, әлеуметтік және адамгершілік тәжірибесіне байланысты. Студент тұлғасы топтың, өзі орналасқан ұжымның өмір салтының мазмұны мен сипатына әсер ете алады.Іс шара барысында қорытындылай келе салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың ауруға шалдығу қаупі әлдеқайда төмен және зиянды әдеттері бар адамдарға қарағанда және жүрек-қан тамырлары ауруларынан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы аз.Бұл жерде фаст фудтың зияндығы да айтылды қазірггі таңдағы ең кеңінене таралған әсіресе жастар арасында және оның салдары да айтылды.Бұл туралы барлық есептер мен хабарламалар атап өтті Телекөпір жұмысы пандемиядан кейінгі кезеңде үйреншікті жағдайға айналған гибридтік форматта ұйымдастырылды.

Іс-шараға жауаптылар ф.ғ.к. Оразбекова И.Г., доцент Кулжанбекова Г.К., аға оқытушылар Бекмашева Б.Н., Тілеуғабылова З.А., Халенова А.Р.