Воспитательный час посвященный теме: «Здоровый образ жизни"

6 наурыз, 2023

Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десе, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.

Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен байланысты құнды форма. Ол адам мәдениетінің бір бөлігі, ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.

Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі..» - депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру салаларының алдында тұрған  міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын, адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, танымдық сана-сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы  білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Осы орайда, 2023 жылдың наурыз айының 6-шы жұлдызында әл-Фараби атындағы Казақ ҰУ-нің «Бизнес және технологиялар» кафедрасының ПОҚ ұйымдастыруымен кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., қауымд. профессор Ахметова З.Б., э.ғ.к., доцент Сартова Р.Б., э.ғ.к.,доцент Камали Қ.М., аға оқытушы Болтаева А.Ж. және магистрант Наби М.Б. «Логистика» және «Маркетинг» мамандығының студенттеріне «Салауатты өмір салты» тақырыбына арналған тәрбие сағатын өткізді, онда студенттерге ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, салауатты өмір сүру туралы кеңес берілді.

Осылайша, әлемдік биіктерге көтерілуде басты рухани байлық денсаулық екені және де экономиканың өсуі мен тұрақтылықты дамытуда халықтың саулығын қамтамасыз ету жолдарын қарастыру, орнықты дамуда салауатты өмір салты қызметін түбегейлі жақсарту деген қорытынды жасауға болады. Болашақ қызметкер күнделікті еңбек қызметінде неғұрлым көп қабілеттерді қолдана алса, соғұрлым ол ішкі импульстар мен ынталандыруларды ұмытпай, ұйым, қоғам және мемлекет үшін пайдалы болады. Ізденімпаздық, белсенділік, ойлау қабілеті мен еңбек функцияларының мазмұны арасындағы байланыс болашақ қызметкердің жұмысқа деген қызығушылығын арттырады, еңбек қабілеттілігі және осылардың нәтижесінде өнімділікті арттырады.

  Өмірің болсын десең сенің сәнді
            Ойланып, айналаңа қара мәнді.
            Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
            Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
            Салауатты мақсатың  - өмір сүру,
            Өмірдің мағынасын керек білу – демекпін.