РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

23 наурыз, 2023

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

оқытушы-профессорлары, студенттері,

магистрант, докторанттары!

  

Жақсылық пен берекет, кешірім мен мейірім және иман мен рахым айы – Рамазан құтты болсын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз құттықтауында:

«Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен.

Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді», – деп атап өтті.

Рамазан баршамызды бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, кешірімді болуға, сүйіспеншілікке шақырады.

Ораза қайырымды іс жасауға, жақын жандарға көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.

Рамазан айының ізгілігі мен өнегесі молынан болғай!

Әр отбасына бақыт пен береке, елімізге бірлік пен татулық тілеймін!

Оразаларыңыз қабыл болсын!

 

Ізгі ниетпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ