ПСИХОБЕЛСЕНДІ ЗАТТАР МЕН АЛКОГОЛЬДІ ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАСТАР КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ТРЕНИНГТЕРІ

17 наурыз, 2023

Философия және саясаттану факультетінің базасында 2023жылдың 1 қаңтарынан бастап психобелсенді заттар мен алкогольді пайдаланудың бастапқы алдын алу, сонымен қатар студент жастарды психологиялық қолдау бойынша жоба басталды. Жоба «Партнеры во имя здоровья» Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылады және оны факультет басшылығы белсенді қолдайды. Бұл жобаның ерекшелігі оның аясында студенттер арасында "Теңбе-Тең" қағидаты бойынша профилактикалық жұмыс жүргізетін жастар көшбасшыларын оқыту және даярлау көзделеді. Ерікті студенттер психологиялық тренингтер, консультациялар өткізеді, құрдастарына ақпараттық қолдау көрсетеді, бұл мұндай психологиялық көмектің тиімділігін едәуір арттырады.

2023 жылдың 15-17 наурызында "Қазжол" қонақ үйінің базасында ерікті студенттерге арналған алғашқы оқыту семинары өтті. 3 күн ішінде "Психология" мамандығының студенттері арасынан жастар көшбасшылары алкоголь мен психобелсенді заттарға қатысты саналы жүріс – тұрыс дағдыларын дамыту бойынша жұмыс әдістерін зерттеді, стрессті төмендету және стресске төзімділікті арттыру әдістерін, алғашқы психологиялық көмек көрсету алгоритмдерін үйренді. Жақын арада олар өз құрдастары, яғни университетіміздің студенттері үшін осы тақырып бойынша тренингтер мен кеңес берулерді өткізуді бастайды деп жоспарлануда. Ерікті студенттерге арналған тренингті философия және саясаттану факультетінің оқытушылары, психологтар З.Б. Мадалиева және С.Қ . Құдайбергенова өткізді.

Ұйымдастырушылар: Өмірбекова А.О., Мадалиева З.Б., Құдайбергенова С.Қ., "Денсаулық жолындағы Серіктестер" ҮЕҰ