«Философия» мамандығы бойынша кезекті Республикалық студенттік пәндік олимпиа

19 сәуір, 2023

 

 

Комиссия құрамында профессор Ғабитов Т.Х., ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғалым-хатшысы Жаңабаева Д., доцент Лифанова Т.Ю., Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ доценті Анасова Қ.Т.

 

 

Олимпиаданың ашылу салтанатына философия кафедрасынының профессорлық- оқытушылар қауымы, қатысушы 12 команда, топ жетекшілері, жанкүйерлер қатысты. Бағдарлама реті бойынша 1-тур: «Визитка» - командаларды таныстыру; 2-тур: «Эрудит» теориялық сайыс; 3-тур: «Философиядағы брендинг» шығармашылық сайысы ұйымдастырылды.

Шара бастауында деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөнінен орынбасары А.Б. Альчимбаеваның және Философия кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Құранбек Әсет Абайұлының кіріспе сөзі тыңдалды.

 

 

 

Комиссия төрағасы, филос.ғ.д., профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры Нұрмұратов Серік Есентайұлының құттықтау сөзі:

Студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «6В02201 - Философия» мамандығы бойынша философия және саясаттану факультетінде барлық қатысушы командалардың жиналуымен оффлайн режимде өткізілуде. Байқау шартына сәйкес, биыл Қазақстанның әр түрлі жоғары оқу орындарының олимпиада қатысушыларына студенттерге кәсіби және жеке әлеуеттерін және шығармашылық қабілеттерін көрсете алатындай 3 түрлі турды ұсынып отыр. Біз сіздерді құшақ жая қарсы алып, сәттілік тілейміз-деп тұжырымдады.

Олимпиада бағдарламасы қатысушы оқу орындарына алдын ала жолданды және қосымша конкурс комиссиясының хатшысы, ф.ғ.к., доцент м.а. Г.М. Сембаева конкурстың шарттарын жариялады.

 

Сайыстарды қорытындылау және олимпиада жеңімпаздарын анықтау мақсатында «6В02201 - Философия» секциясы бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиада нәтижесі бағамдалды және келесі жеңімпаздарды марапаттауға ұсынды:

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің І дәрежелі дипломымен 

  1.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің – «Инь-ян» тобы. Ғылыми жетекшісі: Қазиева Жадыра Нұрғанатқызы. Құрамы: Аманжолова Айяулым, Орынбасарова Анель, Жакашева Алина

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен

  1. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті - «Икигай» командасы. Ғылыми жетекшісі: Мендикулова Жазира Алтынбековна. Құрамы: Кенжебек Мөлдір, Мейманбекқызы Мөлдір, Алпысбай Мерей.
  2. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Инь-ян» командасы. Ғылыми жетекшісі: Кемербай Рауан. Құрамы: Байатан Әсел, Қапбар Аружан, Шынәлі Эльмира.

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен:

  1.  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті- «Апория» тобы. Ғылыми жетекшісі: Солощенко Павел Петрович. Құрамы: Громкова Сабина, Колычев Никита, Толепбергенов Динмухаммед.
  2.  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Өнер майталмандары» командасы. Ғылыми жетекшісі: Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы. Құрамы: Арапбай Айару, Абзалбай Айару, Қалиматова Гүлім.
  3.  Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті. «SCIENCE LAB» командасы. Ғылыми жетекшісі: Абдразакова Нургуль Асановна. Құрамы: Кенжетай Балдана, Омурзакова Дана, Қойшын Маржан.

Олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушыларға және олардың жетекшілеріне арнайы дипломдар, естелік сыйлықтар, белсенді қатысушыларға арнайы сертификаттар, әділқазыларға және ұйымдастырушы алқалыққа алғыс хаттар табысталды.