Халықаралық Қазақ-қытай тіл колледжінің бітіруші түлектерімен сұқбаттасу

13 маусым, 2023

       2023 жылдың 12 мамыр күні колледж басшылығының мақұлдауымен кафедрамыздың тәжірибелі ұстазы қауымдастырған профессоры Оразақынқызы Фарида мен аға-оқытушысы Тұрбек Мұрат Алматы қаласы Халықаралық Қазақ-қытай тіл колледжінің 3 курс аударма ісі мамандығының бітіруші түлектерімен кездесіп сұқбаттасып қайтты.  

     Колледжде жалпы аударма ісі мамандығы бойынша биыл бітіруші түлек саны 90 нан астам. Бітіруші түлектермен кездесу өте қызықты өтті, кездесу сәтінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жалпы жағдайы, оқыту және ғылыми зерттеу әлеуеті жайында қысқаша ақпараттар берілді. Өте-мөте ҚазҰУдың Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы және оның оқытушы-профессорларының біліктілігі, оқыту базасы туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

     Үгіт насихат жұмысынан кейін бітіруші түлектердің көп сандысы бізге оқуға түсуге қызығушылық танытты.