ҚазҰУ-да тәжірибеден өткеніме ризамын

10 шілде, 2023

Осылайша ересек өмірге қадам басып, арманыммен қатар, қарекет етер мақсатым айқындала түсті. Ес білгелі анам екеуміз теледидарға телміріп, ешбір жаңалықты жібермей, телебағ­дарлама­лар­ды тағатсыздана тама­ша­лайтын едік. Сол сәттен бастап көгілдір экранның арғы жа­ғын­дағы өмірді көргім келді. Жұлдыздай жарқыраған жур­на­листермен жүзбе-жүз жо­лық­­сам дедім. Жазуға бейім­деліп, кезінде анам үзбей оқи­тын аудандық «Кен Жы­лы­ой» газетіне жазған алғашқы мақалаларым жарық көр­генде «Мен журналист бола­мын!» деген балалық арма­ны­ма бір қадам жақын қал­­­ға­нымды се­зе­тінмін. Со­дан Халел Досмұ­ха­медов атын­­дағы Атырау универ­сите­тінің журналистика маман­ды­ғының мемлекеттік грант қ­а­та­­рына іліккен сту­ден­ті атан­­­дым. Менің бір түсін­ге­нім, жан-тәніңмен қалаған ма­ман­дық­ты қанша оқысаң да, жа­­лық­пайды екенсің. Сол се­беп­­тен алғашқы оқу жылы қы­­­зық­­ты әрі жылдам өте шықты.

Студент атану – мүмкін­дік­терге ие болу. Біз әр сабақта журналистиканың қыр-сы­рын танып, жазуға бейім­де­ліп, бо­лашақ журналист бо­луға ма­шық­тандық. Атырау уни­вер­ситеті Журналистика ка­­федрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева ұстазымыз «Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Qazaq universiteti» газетінен оқу практикасынан өтіп, тә­жі­рибе алмасуға барасыңдар» де­генде ерекше қуандым. Өйт­кені білікті журналист бола­мын деген әр студент аға буын­ның ізін жалғап, осы оқу ор­нында оқып білім алуды, тіп­ті оны көруді армандайды.

Сөйтіп, ҚазҰУ-ға да келіп жеттік. Суреттен әдемілігіне там­сана қарайтын зәулім ғи­маратты көзбе-көз көрдім. Осылайша ішке имене кіріп, жетекшім, танымал журналист Гүлзат Нұрмолдақызының бас­шылығымен редакцияның ішкі жұмысымен таныстым. «Qazaq universiteti» басылы­мы­ның бөлмелері кең, жарық, тамаша екен. Заманауи тех­ни­камен жабдықталыпты. Қара шаңырақ университеттің Ақ­парат және коммуникациялар департаментінің сайтын, теле­сту­диясын, Ақпарат және мо­ни­торинг секторын, Баспа­сөз қыз­метін көріп, риза бол­дық. Журналистика фа­куль­тетіне барып, қазаққа танымал аға-апаларымыз оқыған факуль­тет­пен таны­сып қайттық. Ап­та­ға жал­ғас­қан оқу прак­­­­­­ти­касында ма­те­риал­дар­ды жи­нақ­тау, зерттеу және мақала жазу мен өң­деуге ма­шық­тандым.

Рақмет саған, ҚазҰУ!

Аида АБДРАХМАНОВА,

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Журналистика кафедрасының 1-курс студенті