«Жарқын жұлдыз» ән-би фестивалі өткізілді.

30 наурыз, 2012

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен ақпан айының 29 жұлдызында Механика-математика факультетінің сары залында «Жарқын жұлдыз» ән-би фестивалі өткізілді. Фестивальдің негізгі қатысушылары «Көмек» ерікті волонтерлері координаттаушы Алматы қалалық балалар интернатының өнерлі де талапты тәрбиленушілері болды. Фестиваль аясында балалар ән, би, музыкалық аспапта ойнау шеберліктері бойынша сынға түсті. Ал олардың өнерін бағалап, әділ шешім қабылдаған әділ қазылар алқасын Балалар құқығын қорғау департаментінің төрайымы –Зина Сайлауевна, ҚазҰУ-нің Жастар ұйымының жетекшісі –Ишанғалиева Сауле, ҚазҰУ-нің Сенат төрағасы Абдикадыров Нурлан және Қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Жеңісхан, «Ғалам» тобы әншілері құрады.

Кештің көркін №8 балалар интернатының әнші балапандары «Дружба», «Поповинка» әндерімен, ал «Фантазия» би тобы «Олден» биімен қыздырса, №4 балалар үйінің биші жұлдызы Шалқар Бекарыс өзінің өнерімен жиылған жұртты таң қалдырды. Сондай-ақ дәл осы №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі Ардан есімді жігіт қазақтың қара домбырасымен «Ерке сылқым» күйін, Жумисбекова Гулім, Баракова Айнур есімді қыздарымыз скрипкада «Кукарача» әндерін шеберлікпен орындап берді. Бұл байқаудан «SOS» балалар қалашығының тәрбиеленушілері де шет қалмады. Өз шығармашылықтарының жемісі болып табылатын «Проста не вернуть» әнін Руслан, Вика, Жансая есімді өнерпаз жастар әсемдеп орындап берді. Жігітке жеті өнерде аз демекші Руслан өзінің тек әнді ғана емес, биді де тамаша орындай алатындығын көрсетті.