Студенттеріміз пәндік олимпиадада шеберліктерін ортаға салды
2012 жылдың 27-28 наурыз аралығында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ІV Республикалық студенттік дінтану және теология пән олимпиадасы өтті. Біздің университеттің атынан қатысқан студенттер Маликова Алтынай, Абдухамитов Бақдаулет, Берикбаев Ельнар, Умаров Бағлан, Укибаев Азат жетекшілік еткен дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Тунгатова Ұ.А. Олимпиаданы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, т.ғ.д., профессор Л.Т. Ташимов құттықтау сөзімен ашты.
Олимпиада жұмысы үш кезеңі ауызша тапсырмалар сайысы, тесттік тапсырмаларға жауап беру, жалпы даму бағытында тапсымаларға жазбаша кезеңдерінен тұрды.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар тарапынан қонақтарға арналған өте ауқымды мәдени бағдарлама ұйымдастырылған: мерекелік іс-шара, концерт, Түркістан қаласының тарихи ескерткіштеріне саяхат, орталық мұражай, жаңа медициналық клиниканы аралау т.с.с.
Олимпиаданың жабылуы да өте салтанатты түрде ұйымдастырылды, ректордың өзі жеңімпаздарды құрмет грамоталарымен, дипломдармен марапаттады.
Үш тур бойынша
1 орынға Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы
2 орынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы қаласы
3 орынға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қаласы ие болды.
Жеке сынақ бойынша біздің университетіміздің студенті Берикбаев Ельнар екінші орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!