Нобель сыйлығының лауреаттары ҚазҰУ-да лекция оқиды

20 мамыр, 2012

20 мамыр 2012 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универстетінің оқытушылары мен студенттері Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге аты танымал математик, экономист Джон Форбс Нэшпен кездеседі. 22 мамыр күні физика саласы бойынша лауреат Мюррей Гелл-Манн және экономист Кристофер Писсаридес лекция оқиды.

Кездесу ғылыми дамытуды арттыруға арналып отыр, сондай-ақ, университеттің халықаралық байланысын арттыру болып табылады. ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері ғалымдардың жетістіктерімен танысып, ғылым және технологияның әлемдік экономика жаһандануы шарттарының дамуындағы актуальды сұрақтар бойынша пікір алмасады. Лекция барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарына жауап ала алады.

ҚазҰУ-да Нобель сыйлығы лауреаттарымен кездесу V Астаналық экономикалық форум аясында өткізіліп отыр. 22 мамыр сағат 9.00 ҚазҰУ-да екі Нобель сыйлығының лауреаттары: физика саласы бойынша лауреат – Мюррей Гелл-Манн «За открытия, связанные с классификацией элементарных частиц и их взаимодействий», және экономист Кристофер Писсаридес – «За исследования рынков с моделями поиска» сыйлығының иегері лекция оқыды.

Американдық математик Джон Форбс Нэш 1928 жылы 13 маусымда туылған. Математикаға деген қызығушылығы мектеп кезінен басталған. Эрик Т. Белланың «Творцы математики» кітабын оқып, ол өзгелердің көмегінсіз Ферманың кіші теоремасын дәлелдеді. Мектеп қабырғасынан соң, Политехникалық Карнеги институтында білімін шыңдай түсті, Нэшті «проблемой переговоров» тақырыбы қызықтырды, одан соң Принстондық университетте, ол алғаш ойын теориясын естіді. 21 жасында ойын теориясы тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын жазды, дәлірек айтсақ, математикалық бәсекелестік, бүгінде «Нэш тепе-теңдігі» атымен танымал.

1987 ж. кооперативтік емес ойындар теориясының тепе-теңдік анализі үшін Джон фон Нейман атындағы сыйлыққа ие болды. 1994 ж. 66 жасында ол Райнхард Зелтен және Джон Харсанимен бірге бөлісе, «Кооперативтік емес ойындар теориясының тепе-теңдік анализі» үшін Нобель сыйлығын иеленді.

1998 ж. «Тамаша ақыл-ой: математика тапқырлығының өмірі және Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш» атты өмірнамасы жарыққа шықты. 2001 жылы кітап бойынша «Ақыл-ой ойыны» атты фильм түсірілді, ол төрт «Оскар» сыйлығын және «Золотой глобус» сыйлықтарын иеленді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі