Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді
9 ақпан 2013 ж. сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (ректораттың мәжіліс залы, 15 қабат) гуманитарлы және жаратылыстану ғылыми мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жаңа ұрпаққа білім беру бағдарламалары» тақырыбы төңірегінде өтетін кеңеске ҚР БҒМ жоғары оқу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарының Қазақстандағы жетекші оқу орындары проректорларының қатысады.
Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында айтылғандай, еліміздің мықты инновациялық дамуына жоғары дәрежелі мамандар қажет. Бұрынғы кадр даярлау жүйесі түбегейлі трансформациялауды қажет етеді. Ал білім мен ғылымды біріктіретін білім беру бағдарламалары соның негізі болуы тиіс. Білім беруде ең бірінші басымдықтың бірі ретінде Елбасы жарастылыстану-математикалық және инженерлік-техникалық мамандықтардың дамуын айтты. Себебі, дәл осы пәндер ғылыми-техникалық үдерістің және инновациялық қоғамның дамуындағы қозғаушы күш.
Жаңа бағдарламалар STEM - «Science, Technology, Engineering, Mathematics» жүйесіне (ғылым, технология, инженерлік дисциплиналар, математика) негізделе жасалады. Бұл түпкілікті білім берудегі бағдарламаларды қайта қарап шығуға мүмкіндік беріп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде студенттерді шығармашылық тұрғыдан ынталандыруға жол ашады. Олардың күнделікті ғылыми-зерттеу жұмыстарға араласуы, ғылымның жаңа бағыттарын меңгеруге бетбұрыс жасауына, экономика саласында кәсіби қалыптасуға алып келеді.
Кеңесте Қазақстанның жетекші 22 жоғары оқу орнының проректорлары, факультет декандары мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушілері қатысады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі