Студент денсаулығы басты назарда

11 ақпан, 2013

14-15 ақпан күндері Дене шынықтыру және спорт кафедрасы «Денсаулығында қалыпты жағдайдан ауытқушылығы бар студенттермен дене тәрбиесінде жаттығулар жасаудағы физиологиялық алғышарттары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді.

Семинарға қатысуға Республиканың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен профессорлар құрамы және талқыланатын мәселелерге қызығушылық білдірген барлық мамандар шақырылады. Cеминарда арнайы оқу бөліміндегі оқыту процесі технологиясы, дене жаттығуларын орындаудың физиологиялық алғышарттары және т.б. тақырыптар қаралады.

Өткізілетін орны: әл-Фараби даңғылы 71, КазҰУ қалашығы, спорт кешені, дене шынықтыру және спорт кафедрасы.

Байланыс телефондары:

жұмыс телефоны 377-34-87;

Вишнякова Наталья Петровна 87017553418