Тұлғаларымызды дәріптейік
Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы білімді ұлт дайындауда жоғары оқу орындарының ұстаздарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Жастарды еңбекке баулып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, үлкен жетістіктерге жету мақсатында жұмыс атқару оқытушылардың өз біліктіліктерін үнемі жетілдіруді талап етеді. Білікті, бәсекеге қабілетті мамандар халқымыздың экономикалық, әлеуметтік тұрғыда дамуына септігін тигізеді.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында жастарды патриоттыққа тәрбиелеу міндеті қойылған. Тағы да бір айта кетерлігі заман қаһармандарын тарихтан ғана іздемей, қатарда жүрген замандастарды да үлгі етіп көрсету жастарды жаңаша тәрбиелейтіні атап көрсетілген. Шынында да, үлгі болар тұлғаларымыз көп. Олардың еңбек жолдарын, қадір-қасиеттерін дәріптей білу оқытушылардың міндеті деп білеміз. Осы орайда айта кетейік, біздің университетте әл-Фараби сынды ғұламаны үлгі ете отырып, шығыстану ғылымында өз еңбектерімен үлгі болған оқытушы-ғалымдарды марапаттау ісі үнемі жүргізіледі. Факультеттің негізін қалаушылардың бірі болған профессор Л.З. Рүстемов атындағы дәрісхананың ашылуы осы бағыттағы атқарылған жұмыстардың бірі деп білеміз.
А.АХМЕТБЕКОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстаун факультеті
арабтану және ирантану кафедрасының меңгерушісі, доцент