Студенттер діни тұрғыдан сауаттылығын жетілдірді
19 ақпанда философия және саясаттану факультетінде «Нұр» клубының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов және 3 курс мәдениеттану мамандығының эдвайзері философия ғылымының кандидаты, оқытушы Әсем Мұханбет ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм – бейбітшілік қаупі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге философия және саясаттану факультеті деканының оқу, әдістемелік және тәрбие бөлімі бойынша декан орынбасары пеагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.С. Әлғожаева, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессор А.Д. Құрманалиева, оқу, әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші орынбасары Ш.С. Рысбекова, факультетің аға эдвайзері п.ғ.к., доцент Ұ.Б. Төлешова, кафедраның аға эдвайзері К. Ә. Бияздыкова, оқытушы Н.Қ. Әлжанова қатысты. Кездесу барысында ғалымдар мен сарапшылар жастарға ел аумағындағы кері тартпа діни ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі жөнінде баяндамалар жасады. Сонымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV ҚР заңының негізгі қағидаларын түсіндірді. Сондай-ақ студент жастардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді. Бұған қоса жиын барысында студенттерге кері діни секталардан сақтану жөніндегі баяндамалар оқылып, экстремистік және террористік діни ұйымдар жайлы бейне-ролик көрсетілді.
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы