Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы: келешегі бар инвестициялық салалар
2013 жылдың 23 ақпанында халықаралық қатынастар факультетінің «Тинберген» экономикалық-саяси клубының шеңберінде «Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы: келешегі бар инвестициялық салалар (шикізаттық емес сектор)» атты тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында баяндамалар оқылып, ел экономикасындағы түрлі салаларындағы инвестициялық перспективалар қарастырылды. «Адам капиталы – инновациялық экономиканың дамуының басты факторы» (Калиева Алтынай, әлемдік экономиканың 1 курс магистранты), «Химия-фармацевтика саласына инвестиция тарту перспективалары» (Айтбаев Ербол, әлемдік экономиканың 1 курс студенті), «Экономиканың шикізаттық емес секторына инвестиция тарту (туризм)» (Андросенко Елена, әлемдік экономиканың 1 курс студенті), «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайы және даму перспективасы» (Санибек Жансая, әлемдік экономиканың 1 курс студенті), «Қазақстан экономикасының инвестициялық алғышарттары: көлік инфрақұрылымының дамуы» (Токембай Тогжан, әлемдік экономиканың 1 курс студенті), «Тамақ өнеркәсiбiнiң мысалындағы экономиканың шикізаттық емес саласына инвестициялау» (Мерекенова Асем, әлемдік экономиканың 1 курс студенті) тақырыптарына баяндама жасалды. Отырыстың қорытындысы бойынша үздік баяндамашы мен ең белсенді қатысушы таңдалып, марапатталды.
Студенттерді қызықты тақырыптар төңірегінде баяндама жасауға дайындау, олардың ғылым-білімдегі іздену жолдарын меңгеруге бейімдеу, ақпаратты қалай таңдап, сол арқылы сараптау керектігін үйренеді.
Халықаралық қатынастар факультеті