Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенттері Кенжегүл Әлімбекқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне барып қайтты.
Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады екен. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды деп айтуға болады. 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстарымен танысқан студенттер, өздерінің жақсы әсер алғандарын айтты.