"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Оның нәтижесі 29 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің қорытынды гала-форумында белгілі болады. ҚР Бірінші Президенті күніне арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Мақсат - студент жастардың Қазақстанның болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеріп, патриоттық сезімін арттыру. Фестиваль студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауы, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы, «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығармалар байқауынан тұрады. Студенттік инновациялық жобалар байқауына мемлекеттің, аймақтың немесе жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, экологиялық және т.б. дамуына үлес қосуға, өзекті әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қабылданады. «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауына автордың Отанға деген белсенді азаматтық ұстанымын танытатын прозалық шығармалар қабылданады. «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығармалар байқауына жастарға әлеуметтік маңызды топ ретінде, олардың мемлекеттің дамуындағы, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтудағы орны мен рөліне арналған авторлық өлеңдер қабылданады.