Хабарландыру!

22 қараша, 2013

Жексенбі күні, 24 қараша 2014 жыл, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастырылуымен Үлкен Алматы аңғарына демалыс күні ұйымдастырылады.


Демалысқа ҚазҰУ-дың барлық факультет студенттері мен ұстаздарына қатысуға болады. Қажетті заттар: жылы киім, ыңғайлы аяқ-киім, бас киім, күнге қарсы көзілдірік, куртка. Өздеріңізбен бірге 200 теңге (автобус төлемақысы), жеңіл тағам, топтық фотоаппарат.

Жиналу: «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы аялдама (Достық даңғылы – Абай даңғылының қиылысы) сағат – 8.00, автобус №6.

Ұйымдастырушы: Рекреациялық география және туризм кафедрасы