«Қазақстандағы Президент институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық гылыми-тәжірибелік конференция өтеді

28 қараша, 2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Нұр Отан» партиясы және Елбасы -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қорымен бірлесіп «Қазақстандағы Президент институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық гылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жетекші заңгер-ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары, PhD докторанттары, магистранттар қатысады. Кездесу барысында Қазақстанның сайлау туралы заңнамасының дамуының, еліміздің инновациялық дамуы жағдайында сайлау заңнамасын жүзеге асыру теориясы мен практикасының өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Өткізілу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

(заң факультеті, 410 аудитория)

Өткізілу орны және уақыты: 29 қараша 2013 ж., сағат 10.00.