Конфуций Институтымен бірлескен семинар

26 ақпан, 2014

25 ақпан сағат 14-30 да 412 дәрісханада шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан жоғарғы оқу орындарында қытай тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өтті. Семинар Конфуций Институты мен шығыстану факультетінің оқытушыларының қатысуымен өткізілді. Семинарға Конфуций институтының директорының орынбасары профессор Ван Чжын қатысып баяндама жасады. Семинардың мақсаты – еліміздегі жоғарғы оқу орындарында қытай тілін оқытудағы кездесіп отырған қиындықтар мен кедергілер, оларды шешу жолындағы ізденістер мен ұсыныстарды қарастыру. Сондай-ақ еліміздегі қытай тілін оқыту тәжірибесімен шетелдік әріптестермен алмасу.