Дағыстан Республикасының құрметті ғылым қызметкері, профессор Магомедсаид Исмаиловтың қатысуымен семинар өтеді

3 наурыз, 2014

4 наурыз 2014 жылы (сағ. 11.00) өтетін «Кавказ халықтары мен дәстүрлі қазақ қоғамындағы барымтаның орны мен рөлі» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді. Семинардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Дағыстан Республикасының құрметті ғылым қызметкері, з.ғ.д., профессор Исмаилов Магомедсаид Абдулмуслимұлының қатысуымен өтеді.

Халықаралық ғылыми семинар әдет-ғұрып құқығының тақырыбына арналған. ХVII-XIX ғасырлар аралығындағы Қазақстан мен Кавказ аумағындағы құқықтық аспекті бойынша барымтаның даму тарихын бұқаралық талқылау семинар барысында негізделген.

Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті 410 дәрісхана.