«ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтті
«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің 120 жылдық мерейтойына арналған «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Кеш аясында республикалық әдеби байқау ұйымдастырылды. Байқауға ұсынылған өлеңдер мен ғылыми эсселерді сыншы Ә.Балқыбек, ақын М.Шаймаран, «Қазақ әдебиеті» газетінің белгілі журналисі Ы.Дәбей, ҚазҰУ ғалымдары Ә.Тарақов, Е.Карбозов, Ш.Шортанбай, Л.Мұсалы, Н.Түсіпхан, И.Әзімбаевалар сараптады. Байқауға Астана, Семей, Тараз, Атырау қалаларынан студенттер қатысты. Кештің құрметті қонақтары - А. Ісімақова, І.Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров сөз алып, жастарға табыс тіледі. Қазылар алқасының шешімімен Республикалық әдеби байқаудың төмендегі жеңімпаздары анықталды:
1.Үш бәйтерекке арнау өлең номинациясы бойынша:
1-орын Қарағанды «Болашақ» университетінің студенті Абай Ораз;
2- орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Әріби Әрібек
3-орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Айбол Исламғали
3-орын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Бекзат Смадияр
2. «Үш бәйтерек» атты ғылыми эссе номинациясы бойынша
1 -орын - Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті Риза Ысқақ;
2- орын - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Аяулым Шаймарданова;
3 - орын - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Досхан Жылқыбай;
3- орын – Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Әйгерім Түсіпқалиева
«КӨКЖИЕК» клубының ғылыми жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы кешті қорытындылап, Үш бәйтерек тағдыры мен жуырда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған жас ғалым Н.Түсіпханның «Үш талшыбық» атты мақаласының арасындағы рухани сабақтастық мәселесін қозғады. Әдеби-танымдық кештің әдебиет сүйер жасқа берер сабағы мол болды.