- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді. Семинардың мақсаты ауа-райының өзгеруі мен даму, энергия тиімділігі мен жаңартылған энергия көздері салаларындағы нақты жобаларды орындау тәжірибесімен алмасу болды.
Гуманитарлық ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Роза Бексейітова және филология ғылымдарының кандидаты, мәдениетаралық байланыстар орталығының директоры Жібек Бимағамбетова «Қазақстандағы ауа-райы өзгеруін зерттеу, топырақтың азу белгілерін аңықтау және жергілікті ауыл аймақтарындағы нәтижелер» атты жоба бойынша баяндама жазды. Баяндамада спикерлер Қазақстандағы ауа-райы өзгеруінің су қорларына, топырақ және ауыл шаруашылығына әсер ету мүмкіндіктері жайлы айтып өтті. Берілген жоба «Білім және зерттеу саласындағы халықаралық стратегиялық серіктестік» атты INSPIRE Британдық кеңесінің халықаралық үш жылдық грант бағдарламасы шеңберінде іске асырылды.
Семинар шеңберінде Ноттингем Университетінің жас зерттеушілерінің қатысуы арқылы видео-көпір өткізілді. (PhD) докторы, Ноттингем Университетінің энергетиканы зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Марат Қаратаев еуропалық энергетика секторының көмірсутектерінен жаңартылған энергия көздеріне ауысуы және оның энергетикалық қауіпсіздікке әсері, тұрақты экономикалық өсуі және 2050 жылға дейінгі әлеуметтік жағдайды зерттейтін жоба жайлы айтып берді. М. Қаратаев ғылыми дәлелденген ауа-райының өзгеру деректеріне және энергия тиімділігін көтеру, энергияны үнемдеу сияқты бірінші кезектегі шараларға баса назар аударылды.
(PhD) докторы, Ноттингем Университетінің энергетиканы зертеу институтының аға ғылыми қызметкері Паоло Мелонни тәжірибелік мысалдар көрсетті және «Баламалы энергетиканы қолдану және дамыту, жергілікті ауыл аймақтарында әлеуметтік және кәсіпкерлік мүмкіншіліктерді құру» атты жоба жайлы айтып берді. Жоба Британдық кеңеспен қаржыландырылады. Жоба ауыл аймақтарын энергия қуатымен қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындардың кірісін көтеру, жұмыс орындарын құру, әлеуметтік көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету және жаңа мүмкіндіктерді құрудағы жаңартылмалы энергия көздерінің потенциалын зерттеуге бағытталған.
«Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» семинарының қатысушылары энергетика және ауа-райының өзгеруі саласында бірлескен әріптестік жайлы келісті, сондай-ақ жас ғалымдардың конференциясын өткізу жайлы уәделесті.
Мәдениетаралық байланыстардың орталығы, ХҚФ