«Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді

12 наурыз, 2014

8-11 сәуірде «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады. Конференция аясында ашық есік күні, шеберлік сағаттары, фотокөрме, белгілі ғалымдармен кездесу өткізіледі. Конференция университет ректоры Ғ. Мұтанов, студенттердің және жас ғалымдардың СҒЗЖ төрайымы, ЖҒК төрайымының қатысуымен өтеді. Конференцияға қатысу формасы: ауызша баяндама, қабырғалық баяндама, баяндамасыз қатысу.

Конференцияның негізгі мақсаттары және міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру;

2) студенттерді және жас ғалымдарды қазіргі таңдағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру;

3) студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

4) студенттердің зияткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Биофизика, физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері
  • Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың қазіргі заманауи мәселелері
  • Генетика, молекулалық биология және экологияның қазіргі замануи мәселелері
  • Биотехнологияның қазіргі заманауи мәселелері

Халықаралық конференцияның өткізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысушының тіркелу формасы.docx