әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жастар интернет орталығы ашылды
14 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жастар интернет орталығы ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов, ҚР байланыс және ақпараттандыру Агенствасының жетекшісі Қуанышбек Есекеев, "Қазақтелеком" АҚ-ның коммерциялық Бас директоры Асқар Есеркегенов, Қазақстандағы Microsoft-тың өкілдері мен ҚазҰУ студенттері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Б.Жұмағұлов салтанатты шарада университеттің белсенді студенттеріне Интернет-кафенің кілтін табыс етті. Студенттер сарайында ректор мен студент арасында өткен оқу жылында болған кездесуде университетте интернет орталығын ашу ҚазҰУ басшылығына жастар тарапынан ұсынылған еді. Осы орайда студенттердің ұсынысын аяқ асты етпеген басшылық араға жарты жыл салып, заманауи компьютерлермен, арнайы бағдарламалармен жабдықталып 300 адамға арналған Интернет-кафені сыйға тартты.
Салтанатты түрде «қызыл лента» кесу құқығы ректормен бірге ҚР байланыс және ақпараттандыру Агенсттігінің жетекшісі Қ.Есекеев пен "Қазақтелеком" АҚ-ның коммерциялық бас директоры А.Есеркегеновке берілді.
Осы шара барысында ҚазҰУ-дың өзіндік сандық телеарнасы болып есептелетін ID TV - «Кептер» жобасының тұсауы кесілді. Бұл игі бастама арқылы студенттер алдағы уақытта жеке авторлық теле бағдарламалар дайындап, ол бағдарламаларды тек ҚазҰУ қалашығына ғана емес, сонымен бірге қаладағы өзге де университеттерге тарату мүмкіндігіне ие болмақ.
- Технологиялардың дамуымен хабар алмасу формасы, коммуникация тәсілі өзгеріп келеді, - дейді. - Бұл контент қолданушыларымен құрылады. Осыған байланысты телевидение қазіргі жастарды социализациялаудың негізі болуы мүмкін. Инновациялық технологияларды пайдалану аталған оқу жобасына танымалдылық пен бұқаралық сипат береді.
«University Vision» компаниясының «Кептер» жобасы - бұл «жаңа медиа» (Indoor TV, IDTV, Internet, Bluetooth Lights) негізінде құралған, сонымен қатар студенттер мен ұстаздар қауымын контент құру үшін белсенді ат салысуға үгіттейтін ақпарттық-сауықтыру және білім беру медиаресурсын жасақтау жобасы.
Алматының 12 жоо базасында, болашақта бүкіл Қазақстан территориясында Indoor TV«University Vision» желісі пайдаланылатын болады. Бұл желі адам көп жиылатын орындарға қойылатын, «HD720p» сапамен көрсететін телевизорларды ұсынады. Көрсетілім Қазақтелеком АҚ-ның iD TV технологиясы арқылы жүзеге асады. Контент көрсетілімі жоо базалары негізінде таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде болады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі