Алматы қаласындағы ҚХР Банкісімен бірлесіп өткізген тренинг
Мұнда ҚХР Банкісі несие бөлімінің аға менеджері Салтанат Табысхан қызықты баяндама жасады, мұнда ҚХР Банкісіне қызметіне тұрудың мүмкіндіктері мен шарттарына жан-жақты тоқталып өтті, бұл семинарға қатысушы студенттер арасында да университет бітігеннен кейінгі кезеңдерде сәтті жұмыс орнын табудың қыр-сырын толық танудың мүмкіндіктерін тудырды. Әсіресе бүгінгі таңда университет бітірген түлектерді жұмыспен толық қамтамасыз ету – ең көкейтесті мәселелер болып тұр. Мұндай мақсатта қытайтану кафедрасы жұмыс беруші ұйымдармен жиі бас қосулар өткізіп, олармен қарым-қатынастарды жылдан-жылға нығайтуды басты мақсат етіп алып отыр.Семинар соңы қызықты сұрақтармен жалғасты. Семинар аяғында қытайтану кафедрасының доценттері Кенжебаева А.Ә, Омарова М.А. банк қызметкерлерінің қызметтеріне сәттілік тілеп, кафедра атынан алғас айтты.