Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғышарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Басқаша айтсақ «Бейімделу қабілет-ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әртүрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті» Осыдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік ролінің жақсы қызмет ету үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді. Осыған орай жүргізілген тренинг сабақ барысында студенттердің өзіндік сенімін оятатын, өмірге, елімізге сүйіспеншіліктерін және оқу мен жаңа ортаға бейімделу мотивацияларын оятатын психологиялық жаттығулар мен тренингтер өткізілді. Өткізіліген тренинг барысында студенттер өз-өзіне деген сенімділіктерін, өз ойын білдіре алуға деген ұмтылысын ашық әрі еркін жеткізе білді және біздің тарапымыздан студенттердің ортаға бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Нәтижесінде жаңа ортаға енді ғана келген студенттер тобы бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.