«Farabi fest»

17 қараша, 2022

Күзде университет қабырғасында алғаш рет хореография, вокал және музыкалық аспаптарда орындау бойынша барлық студенттердің, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен дарынды жастар арасында "Farabi fest" көркемөнерпаздар байқауы өтті. Университет ректоры-Басқарма Төрағасы Ж. Қ. Түймебаев жастарға үлкен қолдау көрсетіп, фестиваль жеңімпаздарына гранд-финалда стипендиялар табыс етті. Төрт еселенген мөлшерде - гран-при иегерлеріне, үш еселенген – 1 орын, екі еселенген-2 орын, 1 стипендия - 3 орын. Бір ай бойы өткізген таланттар байқауына 2000-нан астам студент қатысып, 34 жүлделі орын берілді. Қатысқаны үшін 38 студентке дипломдар табысталды.