Республика күніне арналған концерт

21 қазан, 2022

21 қазанда У. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының сахнасында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты-мерекелік концерт өтті, онда 1500 студент ҚР Әнұранын жанды дауыста орындады. Концерттік бағдарламаға АРТ-орталықтың мүшелері, атап айтқанда, халық аспаптарының этно-ансамблі, би ансамблі, хор және вокалистер қатысты.