"Студенттік көктем-2023"

5 мамыр, 2023

Көптен күткен және сүйікті жыл сайынғы "Студенттік көктем" байқауы 2000-нан астам студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен өтті. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өтті: "Игі істер" әлеуметтік эксперименттер бейнеконкурсы, онда факультеттер өздерінің әртүрлі сипаттағы әлеуметтік эксперименттерін қаланың сауда үйлерінде, саябақтар мен кампуста, әрбір әлеуметтік орталықтарында бейне-таспаға түсірді. Эксперимент АРТ орталығының Instagram парақшасында жарияланды, ұнатулар мен пікірлер саны бойынша жеңімпаз факультет анықталды. "Адал ұрпақ-Арла адам" тақырыбындағы жас ақындар байқауына әдеби жанрда өз ойларын жеткізе алатын 50-ден астам студент қабылданды. "Адалдық-қайырымды қоғамның көрінісі" фотоколлаж байқауы студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін және онымен қалай күресу керектігін көрсете алды, барлық фотоколлаждар үлкен финал күні сарай фойесіне көрмеге қойылды. "Адал азамат – білікті маманның КЕПІЛІ" театрландырылған қойылымдар байқауы студенттер үшін ең қызықты болды, 14 факультет қатысып,  гранд-финалға 4 факультет жолдама алды. Конкурстың жалпы қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлеріне Басқарма төрағасы – ректор Ж.Қ.Түймебаевтың атынан ақшалай сертификаттар, сондай-ақ ҚазҰУ-дың Ыстықкөл қаласындағы сауықтыру-спорт кешеніне жолдамалар табыс етілді.