"Түлектер Күні-2023"

27 мамыр, 2023

2023 жылғы 27 мамырда алғаш рет ашық аспан астында – Студенттер сарайының алдындағы алаңда 3000-нан астам түлектердің, қонақтардың, Ректор Ж.Қ. Түймебаевтың, Түлектер қауымдастығының төрағасы А.Мамидің қатысуымен жыл сайынғы "ҚазҰУ Түлектер күні" салтанатты мерекесі өтті. Мереке "Мәңгілік ел" салтанатты аркасынан бастау алды, онда 5 жыл, 10 жыл, 15 жыл, 20 жыл, 25 жыл, 30 жыл, 35 жыл, 40 жыл, 45 жыл, 50 жыл және т. б. мерейтойлық күндері бар түлектер жиналды. Әл-Фараби ескерткішінің алдында, мереке қонақтарын 200 түлек күтіп, гүлшоқтары қойылды. Түлектерді қазақстандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерімен қуантты, университеттің талантты студенттерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама көрермендер тарапынан назардан тыс қалмады. Жаппай заманауи билер сенсация тудырды. Түлектердің Қоштасу вальсі әркімнің жүрегінде ұзақ уақыт қалды.