Домбырашылар флешмобы

30 маусым, 2023

АРТ-орталықтың домбырашылары "ASSYLTAS" қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған Ұлы қазақ композиторы Құрманғазының 200 жылдығына арналған республикалық флеш-мобқа қатысты.

30 маусым күні  «Ұлттық домбыра» күніне орай тұңғыш рет ұйымдастырылған жобаға университетіміздің домбыра аспабын меңгерген студенттер, мамандар мен оқытушы-профессорлар  қатысты. Жобаның мақсаты: ұлттық құндылықты дәріптеу, насихаттау. Ректорат алаңында Құрманғазының «Балбырауын» күйі ойналып, видео түсірілім жасалды.