- Басты бет
- Жаңалықтар
- IV халықаралық ғылыми және оқу әдістемелік конференция: «Globally Interconnected: New Opportunities and Challenges for Sustainable Development»
IV халықаралық ғылыми және оқу әдістемелік конференция: «Globally Interconnected: New Opportunities and Challenges for Sustainable Development»
2023 жылдың 16 наурызында ZOOM платформасында онлайн режимде «Globally Interconnected: New Opportunities and Challenges for Sustainable Development» атты БҰҰ-ның «Тұрақты даму» бағдарламасы аясында IV халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен жас зерттеушілерді қолдау шарасында өткізілді. Конференцияға шетел ғалымдары, шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарында магистратура мен докторантурада оқып жүрген Қазақстан азаматтары қатысты. Конференция жұмысы екі кезеңде өткізілді: пленарлық бөлім және секциялық баяндамалар.
Пленарлық отырыстың жұмысын ф.ғ.к., шет тілдер кафедрасының доценті Мулдагалиева Айжан Айдынғалиқызы ашты. Ол конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, өзінің үлкен алғысын білдірді. Ол бүгінгі конференцияның жас зерттеушілер үшін маңыздылығына тоқталып, бұл конференция шешендік өнерді шетел тілдерінде жетілдіруге деген тамаша мүмкіндік екенін айтты. Айжан Айдынғалиқызы өз сөзінен кейін сөз кезегін шет тілдер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к Досмағамбетова Джамиля Жамбылқызына берді. Джамиля Жамбылқызыда конференцияның географиялық шекарасы кеңейгендіктен бүгінгі күнде конференцияның кафедра үшін маңызы зор екенін айтып, конференция қатысушыларна шексіз алғысын білдірді.
Сәлемдесу бөлімінен кейін пленарлық секция жұмысы басталды. Пленарлық бөлімде шетелдік ғалымдардың қызықты баяндамалары тыңдалды: Паула Ожеховска профессор, лингвистика кафедрасы (Эберхард Карлс атындагы Тюбинген университеті, Германия), Лукаш Смолуче, PhD (Музыкатану институты, Адам Мицкевич Университеті, Познань, Польша) Кристофер Кортен профессор (Мәскеу мемлекеттік халықаралық байланыстар институты), Кюршат Джесур, ағылшын тілін окыту кафедрасынын доценті (Чанаккале Онсекиз Март Университеті,Туркия).
Пленарлық бөлім аяқталғаннан кейін үш бағыт бойынша секциялар жұмысы басталды: физика-техникалық ғылымдар, жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар. Секциялар бойынша үздік өнер көрсеткендер дипломдармен марапатталды.