ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

20 тамыз, 2023
  • Жансейіт Түймебаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен еліміздегі ЖОО ректорларының еркін фарматтағы кездесуіне қатысты. 
  • ҚазҰУ басшысы ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұловтың 70 жылдығына арналған ҚР ҰИА жалпы жиналысының отырысына қатысып, мерейтой иесіне ыстық лебізін жеткізді.
  • Сонымен қатар Жансейіт Түймебаевтың Бақытжан Жұмағұловқа арналған “Қайраткер тұлға, зерделі ғалым” атты мақаласы “Түркістан” газетінде жарық көрді. 
  • Ректор Шинхан университетінің президенті Кан Сун Чон бастаған делегациямен кездесу өткізді. Тараптар жүздесуде өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады.
  • Жансейіт Қансейітұлы Сүлейман Демирел атындағы университетте заманауи кітапхананың ашылу салтанатына қатысты.
  • Оқу ордасының басшысы археология саласының мамандарын 15 тамыз - Археологтар күнімен құттықтады. 
  • Ректордың бастамасымен Әл-Фараби кітапханасында  қазақы нақыштағы ұлттық бұрыш ашылды. Ерекше дизайнмен жасалған бұрыш ою-өрнектермен безендіріліп, қазақтың ұлттық аспаптары, сандық, ұлттық киімдер, құрақ көрпе, дастархан, ағаш ыдыстар қойылған.