ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

3 қыркүйек, 2023
  • ҚазҰУ басшысы Жетісу облысы, Үштөбе ауылында өткен жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған шараға қатысты. 
  • Жансейіт Түймебаев белгілі мемлекет қайраткері, дипломат Константин Жигаловпен кездесті. Құрметті қонақ ғылыми-әдеби мазмұны бай, мағынасы терең кітаптарды ҚазҰУ-ға сыйға тартты.
  • Жансейіт Қансейітұлы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы Властимил Самекпен  “Әл-Фараби” кітапханасында “Мәдени мұра” ұлттық бұрышын ашты. 
  • Оқу ордасының басшысы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов «Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру» атты дәрісіне қатысты. 
  • Жансейіт Түймебаев Анталия білім университетінің ректоры, профессор Исмаил Юксекпен кездесу өткізді.
  • Ректор Ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті (ИTMO) Халықаралық білім беру бағдарламалары басқармасының басшысы Екатерина Тулугурова бастаған делегациямен жүздесіп, ынтымақтастықты одан әрі арттыру және бірлескен ғылыми-білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
  • Сонымен қатар ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мұхиттин Шимшекпен кездесті.
  • Жансейіт Түймебаев «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Қазақстанның рөлі» атты дөңгелек үстел отырысына қатысып, баяндама жасады. 
  • Ректор ғылыми кеңестің кезекті отырысын өткізді. 
  • Жансейіт Қансейітұлы барша қазақстандықтарды ҚР Конституциясы күнімен,  Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.