«Мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті таланттар пулы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бітіруші курстарда оқитын ҚР азаматтары қатарынан қалыптастырылады.
Дарындылар пулы жыл сайын қыркүйектен маусымға дейін жүзеге асырылады және келесі кезеңдерден тұрады:
1) Өтінім беру арқылы қатысушыларды тіркеу.
2) Эссе жазу.
3) Академияда және оның филиалдарында оқу бағдарламасын аяқтау және жобаны әзірлеу.
4) Жұмыс орнында практика өту және жобаны таныстыру.
Қатысушылар тіркеу кезінде нақты ақпаратты беруге және оны барлық кезеңдерде жаңартып отыруға міндетті.
Әрбір қатысушы жобаға қатысу үшін тек бір рет тіркеле алады.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8-727-2549030