«Еуразиялық банк» АҚ өкілдерімен практика, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кездесу

5 қазан, 2022

«Еуразиялық банк» АҚ өкілдері мен ҚазҰУ студенттері арасында практика және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Банк өкілдері студенттердің «Еуразиялық банк» АҚ-да практика немесе тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсынды. Бұған қоса бос орындар, қойылатын талаптар және іріктеу процесі, бағдарламаның ұзақтығы, студенттер тәжірибе жинақтай алатын салалар және өтініш беру тәртібі туралы ақпаратты ұсынды. Студенттер банктің корпоративтік мәдениетімен және құндылықтарымен таныстырылды.

Мұндай кездесу практикадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігін іздеп жүрген студенттер үшін де, жас және болашағы зор кадрларды өз командасына тарта алатын банк үшін де пайдалы болды.

Кездесу нәтижесінде «Еуразиялық банк» АҚ-мен ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім жасалды.