Хабарландыру

27 қыркүйек, 2023

2023 жылғы 25 қыркүйектен 20 қазанға дейін журналистика факультетіне «Media Communication Research» тақырыбында Миддл Теннеси мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Мария Зенаида Сарабия Панолдың дәрістері өтеді. Дәріс уақыты дүйсенбі сағат 14:00-17:00, сейсенбі сағат 14:00-17:00. Өтетін орны: 221 аудитория. Мария Зенаида Сарабия Панол жетекші халықаралық журналдарда 70-тен астам мақала жариялаған медиа және PR саласында танымал ғалым және International Communication Research Journal журналында көп жылдары бойы редактор қызметін атқарған.
Дәріске қатысушыларға сертификат беріледі.
Профессор Мария Зенаида Сарабия Панолдың дәрісіне қатысамын деушілер осы форманы толтырып жіберулерін сұраймыз. https://forms.gle/sxmR7ESpXLujuvCi9

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы