Қытай делегациясымен кездесу

2 қазан, 2023

2023 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне Қытайдың Сиань университетінің Журналистика және жаңа медиа мектебінің 5 адамнан тұратын делегациясы келді. Делегация құрамында профессор Ву Фэн (Wu Feng), профессор Ян Лю (Yang Liu), Лю Чанджун (Liu Chanjun), Шен Цзяо (Shen Xiao), Лю Ян (Liu Yan) бар. Жиынға біздің факультет тарапынан деканның орынбасары М.Т.Мұқашева, Профессор С.Х.Барлыбаева, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Шыңғысова, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Г.С.Сұлтанбаев, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі А.Ә.Рамазан қатысты. Онда екі жақты ынтымақтастық мәселесі қозғалды. Бұдан бұрын Қытайдың Сиань университетінің басшылығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевқа ресми хат жолдаған болатын. Сол хат негізінде екі жақты қарым-қатынасты нығайту шаралары қолға алынды. Кездесуде студенттер арасындағы академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселесі сөз болды.