Тұрақты даму мақсаты 3.  "Спорт - біздің тынысымыз" атты тақырыпта кураторлық ашық сабақ өтті.

30 қыркүйек, 2023

       Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасында 30.09.2023 жылы куратор Кабдрахова Сымбат Сейсенбековнаның ұйымдастыруымен "Спорт - біздің тынысымыз" атты тақырыпта кураторлық ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты - студенттерге жақсы білім алудан бөлек, ең алдымен өз денсаулықтарына күтім жасаудың, салауатты өмір салтын ұстанудың, тұрақты түрде спортпен айналысудың қаншалықты маңызды екендігін айқын көрсету. Ашық сабақ барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, күнделікті өмірде спортпен айналысудың әртүрлі тәсілдері бары айтылды. 
          Кез-келген жетістікке жету үшін, алдымен ең үлкен құндылық денсаулық екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, әр адам өз өмірінің жауаптысы ретінде денсаулығын сақтаумен айналысуы қажет. Оның бірден-бір кепілі спорт екені хақ! Спортқа аса қиын дүние ретінде емес, әр адамның күнделікті қалыпты әдетіне айналатындай өте жеңіл әрі пайдалы хобби ретінде қараған дұрыс. Егер тұрақты түрде спортпен шұғылданатын болсаңыз, нәтижесі сізді таңқалдырмай қоймайды!